Бағдар
- Мемлекеттік рәміздер
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Фотогалерея
- Бос лауазым орыны
- Жұмыс жоспары
- Қолжетімді баспана
- Cабақ тоқтату параметрлері
- ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу
- 2011-2015 ж.ж. арналған оперативтік есеп
Басшы блогы
Астана таңдауы 2014
Білім саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 34-бабының 1-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулыларына сәйкес және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулының мемлекеттік тіркелуін, оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 107-1014 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2012 жылғы 6 тамызда № 740 болып тіркелген, «Астана ақшамы» газетінде 2012 жылғы 16 тамызда № 91, «Вечерняя Астана» газетінде 2012 жылғы 16 тамызда № 97 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов
Әкімнің орынбасары А. Балаева
Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Д. Досқұлов
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын
бақылау жөніндегі бөлімі басшысының міндетін атқарушы С. Қапбасов
«Астана қаласының Білім басқармасы» бастығы Ә. Бимендина