Бағдар
- Мемлекеттік рәміздер
- Мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Фотогалерея
- Бос лауазым орыны
- Жұмыс жоспары
- Қолжетімді баспана
- Cабақ тоқтату параметрлері
- ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу
- 2011-2015 ж.ж. арналған оперативтік есеп
Басшы блогы
Астана таңдауы 2014
Білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төмендегі мемлекеттік қызметтердің регламенттері:
1) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» 9-қосымшаға сәйкес;
10) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» 10-қосымшаға сәйкес;
11) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» 11-қосымшаға сәйкес;
12) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» 12-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялаунын және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов