Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Балаларды қоғау күні

Астана қаласында Халықаралық балаларды қорғау күнін өткізу бойынша баспасөз парағы

 2014 жылғы 1 маусым күні қаланың екі алаңында іс-шаралар өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы алдындағы алаңдарда «Әлем балалар көзімен» мерекелік weekend ұйымдастырылады. 5000 бала қатысады.

Астана қаласының Оқушылар сарайының алдындағы алаңында «Балалық шақтың тұмары» мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. 2000 бала қатысады. Бағдарлама Астана қаласының Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымымен дайындалған.

Сонымен бірге, әр мектепке дейінгі білім беру мекемелерде мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

№32 мектеп-гимназияның алаңында 7-8 сыныптардың ұлдармен қыздардын арасында стритболдан «Спорттық балалар - елорданың мақтанышы!» сайыс өткізіледі. Сайыста 150 қалалық мектеп оқушылары қатысады.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалары үшін бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Соның ішінде, «Кішкентай ел» мерекелік концерт, Хан-шатырда кинофильмді қарау, Есіл өзенінде катерде, клоундардың қатысуымен кафеде мерекелік құттықтау және дискотека.