Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

Мектеп бітірушілер кеші - 2014

Әрбір оқу жылының ең есте қалар қызықты сәті –мектеп бітірушілер кеші. Бұл күнді мектеп бітіруші түлектер қимастық сезіммен, ерекше көңіл-күймен тосады. Олар үшін бұл мереке – балалық шақпен, қимас достарымен, алтын ұя мектебімен, ақылшы ұстаздармен қоштасу кеші. Ең маңыздысы – үлкен өмір жолына жасаған алғашқы қадамдары.

2014 жылдың 18 маусымы күні сағат 12-00-де «Қазақ елі» алаңында Астана қаласының әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша өздерінің білімін дәлелдеген 92 «Алтын белгі» иегеріне төсбелгі тапсырды.

2013-2014 оқу жылында Астана қаласының мектептерін 4042 оқушы аяқтады, оның 3252 немесе 80,5 % тәуелсіз сырттай бақылау формасында алынатын Ұлттық бірығай тестілеуге жіберілді. Жалыпы білім пәндері бойынша мектептерде қорытынды емтиханды 790 оқушы тапсырды. 2014 жылғы орта балл – 87, 58 % құрады.

3 түлек 124 балл алды. Олар: Сатенова Аяжан № 54 мектеп-лицей, Есен Назгүл, Масимхан Ғайни № 48 мектеп лицей.

№ 38, 48, 54, 1, 22, 32, 64 мектептердің 1081оқушылары 100-ден жоғары балл жинады.  

Ең жоғары орта баллды (116,9) дарынды балаларға арналған Зерде мектебі алды, одан кейінгі үздіктер: КТЛ (қыздар)-109,0 б., № 38-107 б., № 50 – 101,7 б., № 40 – 101,4 б., № 48 – 100,9 б., КТЛ «Нұрорда» - 100,6 б., № 54– 100 б., № 6 – 100 б.

Оқу жылының қорытындысы бойынша 362 оқушы АҚШ, Бразилия, Голландия, Грузия, Индонезия, Ресей, Түркия, Қытай, Кипр, Корея, Үнді мемлекеттерінде өткен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауына қатыстып, 234 медальмен мараптаталды.

158 оқушы жалпы орта білім пәндер бойынша Республикалық олимпиадалар мен Республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысты. 85 қатысушы жүлдегер атанып медальдармен марапатталды.

Республикалық олимпиада мен республикалық ғылыми жобалар байқауында Астана қаласының командасы 7 жыл қатарымен 1 жалпы командалық орынға ие болып, Республика бойынша «Үздік команда» атанды.



Просмотров: 508

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь