Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

Астананың жас құтқарушылары «Қазқұтқару-2014» халықаралық жиын-семинарынан келді

          «Қазқұтқару-2014» 19-шы халықаралық жиын-семинарынан астаналық жас құтқарушылар келді. Айта кетейік, қалалық «Жас құтқарушы» сайыстарының қорытындысы бойынша, бірінші орынды Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» ҚММ-нің тәрбиеленушілері иеленіп, аталмыш ірі халықаралық іс-шараға Елорда атынан қатысқан болатын.

         Жиын-семинар барысында, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор В.В. Петров еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас құтқарушыларымен кездесті. Кездесу барысында генерал-майор В.В. Петров жас құтқарушылар командаларына жиын-семинарға белсене қатысқандары үшін алғыс айтты, сондай-ақ патриоттық тәрбиелеу мен жас құтқарушылар арасындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидасын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

      Өз кезегінде, астаналық қонақтарға Алматы қаласы ТЖД-нің қызметкерлері бірнеше мәдени іс-шара ұйымдастырған болатын. Балаларды қорғаудың халықаралық күні олар Алматы қаласы бойынша қызықты саяхат жасап, қаланың керемет жайларымен танысты. Балалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағында, Халқаралық жиынтық шаңғы трамплиніне, республикадағы өзгеше бірегей хайуанаттар бағына, «Теңіз аквариум» павильонында болды.

      Биылғы Жолдауында, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев келешегі кемел елдің жастары жайында айтқан болатын. «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» - деп айтқан еді. Ал астаналық жас құтқарушылар болса, елбасымыз қойған талаптарға сай болуға барынша тырысып-бағуда.

 Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі

 

 

        

 



Просмотров: 387

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь