«Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңы
2014 жылғы 10 маусымда №16 ОМ базасында, жазғы «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңының 1 маусымы аяқталды.
3 бөлім бойынша бағдарлама орындалды.
- 2. «Оқуда қиын болса, ұрыста жеңіл» 3. «Дені саудың – жаны сау» сабақтардың сапалы өтуі үшін 4 оқу орны, спорттық алаңдар мен мектептің атқыштық тирі ұйымдастырылды.
Оқу орындарының басшылары ретінде АӘД мұғалімдері тағайындалды. Қосымша, мектеп директоры Б. Айтмұхаметованың бұйрығымен көмекке дене шынықтыру пәнінің Т. Кизатов бөлінді.
Ол жасөспірімдермен футбол және баскетбол өткізді.
Жауынгершілік әзірліктің жоғары болғаны сонша, тіпті жауын да бізге бөгет болмады. Сынақ қорытындысы бойынша, келесі орындар бөлінді:
1 орын – №16 ОМ тобы 2 орын – №27 ОМ тобы 3 орын – №51 ОМ тобы Үздіктер қатары: Т.Рыспеков (№16 ОМ), А.Аубакиров (№27 ОМ), Н.Сабет (№51 ОМ) және Б.Мырзадилов (№52 ОМ)
Сонымен қатар, 2013-2014 оқу жылының әскери-патриоттық тәрбие беру қорытындысы бойынша біздің мектеп Астана қаласының 10 үздік мектептерінің қатарына енді.
«Айбынды маусым» ӘСА жетекшісі №16 ОМ АӘД пәнінің мұғалімі Б. Байғазин.