«Үздік тарихшы» қалалық байқауы
2014 ж. 20 мамыр күні қазақ тілінде оқытатын тарих пәні мұғалімдері үшін «Үздік тарихшы» қалалық байқауы өтті.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
- Қала бойынша тарих пәні мұғалімінің үздік тәжірибесін анықтау арқылы, мұғалімнің кәсіби шығармашылығын ынталандыру, көпшілікке тарату, әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру.
Аталған байқау 5 кезеңнен тұрады:
1-кезең Тарих пәні мұғалімінің портфолиосы, инновациялығы, әдістемелік тақырыбының ашылуы.
2-кезең. 45 минуттық сабақ өткізу (әдістемелік шеберлік сабақ).
3-кезең. Сұрақ-жауап кезеңі
3-кезең. Үй тапсырмасы
«Мәңгілік ел» идеясы менің зердемде (5 мин)
4-кезең. Мұғалімнің шығармашылық өнерімен танысу (3 мин)
Бағалау бағамдары:
- Пән мұғалімі жоспарының тиімділігі мен жан-жақтылығы;
- эксперимент, инновациялық технологияларды пайдаланудың, бейіндік оқытудың білім беру сапасын көтерудегі тиімділігін нақты көрсете білу, дәлелдей алу;
- шығармашылық, ізденіс жұмыстары;
- жетістіктері;
- қатысқан семинар, конференциялардан жинақтаған іс-тәжірибесін пайдалануы;
- мұғалімнің жұмыс тақырыбының мектептің ӘБ тақырыбымен және мектептің тақырыбымен үндесуі, жүзеге асуы;
Қазылар алқасы:
- Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қазылар алқасының төрағасы;
- Сейтқали Жақияұлы Дүйсен,Мемлекет тарихы институтының
жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к;
- - ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің
ғылыми қызметкері;
- Мира Жолманқызы Дүйсебаева - Астана қаласы «Өрлеу» АҚ
біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қызметкері;
5 Дайра Қайнемқызы Әмірғалиева - Білім басқармасының қоғамдық пәндер бойынша әдіскері.
Байқауға қала мектептерінен 15 мұғалім қатысты. Байқаудың нәтижесі төмендегідей болды:
І орын Бимендин Болат Дүсембекұлы № 58 МГ
ІІ орынСүлейменов Еркебұлан Тасболатұлы №38МЛ
Байтажикова Жанна Есенгелдіқызы №66 МЛ
ІІІ орын Құнанбаева Гаухар Қалымбекқызы №70МЛ
Жеңімпаздар Білім басқармасының диплом, грамота, сертификаттары және «Жас Отан» жастар қанаты мен «Алдаспан» батырлар қорының алғыс хаты, сыйлықтармен марапатталды. Байқауды Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Б. Бердібаев қорытындылады.