2013-2014 оқу жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша ақпарат
ҰБТ өткізу орындары 3 жоғары оқу орындарында орналасқан: Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.
Мектеп бітірушілердің саны 4042 оқушы, олардың ішінде ҰБТ тапсыруға 3252 оқушы қатысты, бұл 80,5 % құрады. Дәстүрлі емтиханға 790 (19,5 %)оқушы қатысты. Оның ішінде 362 оқушы халықаралық олимпиада және ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, 17 оқушы денсаулықтарына байланысты қорытынды аттестациядан босатылды.
132 «Алтын белгі» аттестатының үміткерлерінен 90 оқушы растады, бұл 68,2 % құрады. 9 оқушы бір балдан ала алмаған. Ең жоғарғы балл – 124, оны 3 оқушы алды: Сатенова Аяжан № 54 МЛ, Есен Назгүл, Масимхан Гайни № 48 МЛ. Ең төменгі балл 25 балды құрады. Тиісті деңгей балын 162 оқушы жинала алмады (4,9 %). 100-ден жоғары балды 1081 оқушы жинады (33,2 %). Орташа балл – 87,58.
2013 жылмен салыстыра өтсек: 3637 оқушыдан ҰБТ-ға 3073 оқушы қатысты (84,4 %), 564 оқушы (15,5 %)дәстүрлі емтиханды тапсырды. Оның ішінде 218 оқушы халықаралық олимпиада және ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары.
141 «Алтын белгі» үміткерден 72 оқушы растады. Ең жоғарғы балл-123, ең төменгі – 14 балл. Тиісті деңгей балын 167 оқушы жинала алмады (5,4 %). 100-ден жоғары балды 629 оқушы жинады (20,4 %). Орташа балл – 81,3 болған.