Қ.И. Сәтбаев атындағы ІІІ Халықаралық олимпиадасы
2014 жылдың 27-30 мамыр аралығында Павлодар облысы, Баянауыл ауданының №4 «Жас дәурен» мектеп-интернаты оқу-сауықтыру кешенінің базасында Қ.И. Сәтбаев атындағы ІІІ Халықаралық олимпиада өтті.
Жылдан жылға олимпиаданың маңызы мен мәртебесі, қатысушылар саны артып келеді. 2010 жылы өңірлік деңгейде өткізілген олимпиада үш жыл қатарынан халықаралық дәрежеде өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның 10 облысынан Астана және Алматы қалаларынан, Новосибирск қаласынан, Саха, Моңғолия республикаларынан 39 команда, 195 оқушы қатысты.
Олимпиада ІІ турда өткізілді. Бірінші тур жазбаша түрде математикалық, жаратылыстану, информатикалық бағытта өткізілді. Екінші тур ауызша түрде математика, физика, биология, химия пәндерінен өткізілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр турда жеке-жеке анықталды. 48 оқушы І, ІІ, ІІІ деңгейлі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орынға – ноутбук, екінші орынға – планшет, үшінші орынға ұялы телефон сыйға берілді. 8 қатысушыға – І орын, 15 қатысушыға – ІІ орын, 24 қатысушыға – ІІІ орын берілді.
Олимпиадаға Астана қаласынан дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінен, Қазақ – түрік лицейінен, Нұр Орда мектебінен, №60 мектеп-лицейінен командалар қатысты. Зерде мектебінен 8 сынып оқушылары Күзембай Арман - математикалық бағытта ІІ орын иеленсе, Кенжебай Гульнази биология пәні бойынша ІІ орын иегері атанды. 8 сынып оқушысы Күзембай Арман физика пәні бойынша, 7 сынып оқушысы Мустахимов Диас химия пәні бойынша, 7 сынып оқушысы Мейрам Серікболсын математика пәні бойынша Құрмет грамоталарымен марапатталды.