Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

«Анам, әкем және мен- спорттық отбасы» атты байқау

Астана қаласы Білім басқармасының №1 Оңалту орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған көңілді спорттық мереке өтті. Денсаулығында проблемалары бар балаларға және олардың ата-аналарына көптеген сауық және эстафеталар дайындалды.

«Анам, әкем және мен- спорттық отбасы» атты байқау қызықты және қуанышты болды, ал сонында ойдағыдай достық жеңді.

«Қаржы орталығы» АҚ -ның өкілдері балаларға көптен күткен сыйларын берді. Өкілдер керекті ойыншықтарды санына қарай сатып аларда, әр баланың тілегін ескерді. Олар мерекелік столдың басында отырғанда да, жарыста еңбектері сіңіп алған жүлделерін және сыйларын қолдарында ұстап отырды!

«Қаржы орталығы» АҚ-ның президенті Рамазан Әлімқұлов: «Балаларды қорғау күні бұл жай мейрам, тек қана сыйларды тарату емес, біздер үшін балаға көмектесудің мүмкіндігі, оларға өзіміздің назарымызды аудару, әр балаға кішкентай болсада қуаныш сыйлау»,- деді өз сөзінде.

Спорттық мейрам аяқталды, бірақ мейрам жалғасуда! №1 Оңалту орталығындағы балаларды «Happуlon» («Мега» сауықтыру орталығы) және «StarPlaу» «Аружан» сауда сауықтыру орталығы) күтеді.




Просмотров: 428

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь