Сәт сапар саған, жас түлек!
Бүгін 25 мамыр күні Алып щаһардың әр мектебінде оқушылар тағы бір оқу жылын аяқтап, соңғы қоңырау салтанатты жиынын өткізді. Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.Елордалық жас түлектерге арнап қаламыздың бірнеше жерінде, атап айтсақ "Арай" саябағында, Студенттер аллеясында, Қаржы министртрлігінің алдындағы алаңда мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Құрбыларымен қоштасу вальсін билеген бозбалалар мен бойжеткендерге ұстаздары соңғы рет сынып сағатын өткізіп, өмір деген сындарлы жолға салды.
![]() |
Просмотров: 455