РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚБЕРЕН» БАЙҚАУЫ
Кеше Астана қаласындағы «Тлеп қобыз» сарайында республикалық «Дарын» ҒПО ұйымдастыруымен және Қазақстан ұлттық телеарнасының қолдауымен тұңғыш рет ұлттық өнерді ұлықтайтын оқушылардың арасында «Ақберен» фестивалі болып өтті.
2 күнге созылған сайыста дарынды балалар шешендік өнер, көркемсөз, шығарма жазу, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы, ақындар мүшәйрасы аталымдары бойынша өнер көрсетті. Қазылар алқасында қоғам қайраткері, әйгілі ғалым, ф.ғ.д. профессор Мырзатай Жолдасбеков, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, Жанат Әскербекқызы сынды танымал тұлғалар болды.
Байқауға Қазақ елінің түпкір-түпкірінен 100 жуық үміткер бақтарын сынады. Жребе бойынша 2 облыс жұп болып сайысқа түсті. Қазылар алқасы өнерпаздарға бірден баға қойып отырды. Нәтижесінде командалық есеп бойынша І орынды Қарағанды облысы, ІІ орынды Астана қаласы, ІІІ орынды Маңғыстау облысы жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік. Елдорда командасы шешендік өнер сайысында Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Еменғалиева Камила «Тапқыр шешен» номинациясын, көркемсөз сайысында № 40 ОМ 10-сынып оқушысы Жақып Мадияр «Сахана мәдениетін шебер меңгергені үшін» номинациясын, ақындар мүшәйрасында № 40 ОМ 8-сынып оқушысы Әнкей Елдос грамота, ұлттық аспапта ойнау аталымында № 40 ОМ 10-сынып оқушысы Бижанов Мади сертификат, шығарма жазуда № 67 гимназияның 10-сынып оқушысы Аббас Жансая сертификат, ақындар айтысында № 69 МГ 9-сынып оқушысы Әлбосын Таңнұр «Көремен көзайымы» номинациясын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!