Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

"Кәсіби тәжірибе алаңы"

№ 67 гимназияда 28 мамыр күні "Кәсіби тәжірибе алаңы" қоғамдастық тобы қала мектептерінің деңгейлік курс бағдарламасын оқыған бірінші, екінші деңгейлі мұғалімдері мен директордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасарларына "Желілік қоғамдастықты дамытудағы көшбасшылық және бөлінген көшбасшылықтың ролі" тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Астана қалалық Білім басқармасының әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы қатысты. Семинарға қатысқан № 2 ,4,34,37,52,54,57,59,66,65,70 қала мектептерінен келген әріптестер топтық жұмыста мектепте көшбасшылықты дамыту,оқыту мен оқуды жақсарту, мұғалімдердің кәсіби білімін дамыту, оқытуды жетілдіруде инновациялар мен өзгерістер енгізу мәселерін қызу талқылап, өздерінің құнды пікірлерін ортаға салды. Семинар соңында қатысушы мектептермен желілік қоғамдастықта бірлесіп жұмыс жасау, тәжірибе алмасу үшін алдағы уақыттағы жұмыс жоспарына ұсыныстар жасалды. Аталған мектептерден келген қатысушы әріптестерге білім саласындағы қажырлы еңбектеріне табыс тілейміз.Сапалы оқытуға өзіндік үлес қосар тың идеяларыңызбен бөлісіп, бірлесіп жұмыс жасайтынымызға сенімдіміз. Семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырған №67 гимназияның "Кәсіби тәжірибе алаңы"қоғамдастық мүшелеріне рахмет, Сіздер жаңалықтың жаршысыздар!

Гүлжанат Абдраманова



Просмотров: 468

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь