«Менің шеберлігімнің құпиясы»
Астана қаласы Білім басқарамасының әдіскері Г.Г.Ахметжанованың басшылығымен 2014 жылы 22 мамыр күні №20 орта мектебінде «Менің шеберлігімнің құпиясы» атты қалалық жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында жоба қорғау сайысы өткізілді.
Мақсаты: балаларды еңбекке тарта отырып, шығармашылықты дербес жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау
Міндеттері:
- сәндік-қолданбалы өнерді оқыту арқылы баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу;
- еңбекке араластыру және Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрін үйрету арқылы шебер қолөнер шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;
- баланы ең жақсы қасиетке: махаббат, мейірімділік, достық және шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сайысқа мектепішілік сайыста жеңіп шыққан 40 жоба өтініш білдірді..
Әділқазылар алқасының құрамына: технология пәнінің жоғары біліктілік санатты мұғалімдері - Кожахметов М.З., Хавыл Дария, №20 орта мектеп директоры – Косыбаева А.М., Білім басқармасының әдіскерлері – Кенжеахметова З.С. және Ахметжанова Г.Г.
Сайыс жеңімпаздары 5 бағытта марапатталды:
- Ағаштан жасалған көркем өңдеу ( ойып өрнек жасаудың барлық түрлері)
- Ағаштан құрастыру бұйымдары
- Ағашқа ойып жазу:
- Сәндік панно өнері
- Кестелеу, тігін, тоқыма және т.б.
І орын: №56 МЛ, №70 МЛ, №22 МГ, №71 МЛ, №68 ОМ;
ІІ орын: №7 МГ, №36 ОМ, №64 МЛ, №55 ОМ, №20 ОМ;
ІІІ орын: №58 ОМ, №44 ОМ, №6гимназия, №20 ОМ, №38 МЛ.