Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

2013-2014 оқу жылы аяқталды

Мектепалды, күндізгі және кешкі (ауысымдық) түрдегі барлық  жалпы білім беру мектептерінің 1-11 (12) сыныптарында оқу 24 мамыр күні аяқталады. 31 мамырға дейін 5-8 (9), 10 (11) сынып оқушыларына аралық аттестаттау өткізілетін болады.
         9-10 сынып және 12 жылдық эксперименталды сыныптар үшін қорытынды аттестаттау  30 мамыр - 14 маусым аралығында, 11-сынып оқушыларына 31 мамыр - 20 маусым аралығында өтеді.
         25 мамыр барлық мектептерде «Соңғы қоңырау»  мерекесіне арналған салтанатты жиын өтеді. 18 маусым –жалпы орта білім беру аттестатын табыстау рәсімі өтетін болады. Аталған іс-шараға Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» ХДП,  әкімдік өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері,  ата-аналар шақырылды.  
         Ағымдағы жылы 4042 оқушы мектепті аяқтағалы отыр. Оның ішінде қорытынды аттетаттау төмендегідей:
         - ҰБТ тапсыратындар саны - 3588 оқушы, ол  88,7% құрайды, оның ішінде 1777 оқушы қазақ тілінде, 1811 оқушы – орыс тілінде;
- дәстүрлі түрде (мемлекеттік емтихан) 454 бала (жақын және алыс шет мемлекеттеріне оқуға түскендер) - 11,2% тапсырады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, ҰБТ-дан босатылған халықаралық олимпиада және ғылыми жобаларға қатысқан оқушылар да бар. Олардың саны ҚР БҒМ-ның арнайы бұйрығы шыққан кезде белгілі болады, қазіргі кезде ҰБТ-ға қатысу үшін базаға енгізілген. 
         Астана қаласында ҰБТ тапсыру күндері -  2, 4, 6 маусым, аппеляция өткізу күндері - 3, 5, 7 маусым.  ҰБТ басталуы:  сағат 9.00-де. ҰБТ өткізуге 3,5 сағат беріледі. Нәтижесі тапсырған күні сағат 18.00-ден кейін ілінетін болады. ҰБТ өткізілу форматы өзгерген жоқ, өтпелі  50 баллды құрайды, ал ұлттық жоғары оқу орындарына 70 балл.   

         ҰБТ жоғары оқу орындарында орналасқан  3 пунктте орналастырылған:

         -  Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде 3 топ, 1750 оқушы қатысады;

         - ҚазМЗУ- 2 топ, 781 оқушы;

         - С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – 2 топ, 1057 оқушы.

         2013-2014 оқу жылында қаланың мектеп оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жоба конкурстарында жоғары нәтиже көрсетті.

Өскемен қаласында жаратылыстану-математикалық бағытында өткен пәндер бойынша олимпиадаға қаланың мектептерінен 45 оқушы қатысты. Жоғары нәтиже көрсеткен мектептер: Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейі, №9 «Зерде» мектебі, №60, 66, 6, 30, 38 мектептер  32 жүлде алды. (алтын-3, күміс-7, қола -18, грамота-4).Шымкент қаласында жалпы білім беру пәндері бойынша жалпы-гуманитарлық бағытында мектеп оқушыларына Республикалық олимпиадасының ІV кезеңі өтті.  Олимпиадаға 37 оқушы қатысып, 27 жүлдеге ие болды (алтын-2, күміс-8, қола -11, грамота-6).

Олимпиада  бойынша Астана қаласының командасы І орынға ие болды (жалпықалалық) және «Үздік команда -2014» атағын 8 рет иеленіп отыр.  

Сонымен қатар, қала мектептерінің 200 оқушысы халықаралық рейтингтік олимпидаларының жеңімпаздары болды.  

Сәуір айында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеу бойынша X Халықаралық ғылыми жобалардың жарысы өтті. 106 қатысушыдан 71 оқушы жүлдегер болды.

Сәуір айында «Бәйтерек» медиа-орталығында Астана қаласы 10-11 сыныптарының дарынды оқушылары, республикалық және халықаралық олимпиадалар, ғылыми жоба конкурстарының оқушыларымен Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Э.А. Суханбердиева кездесу өткізді.   

Просмотров: 353

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь