Республика көлеміндегі «ҰБТ-ға жасөспірімдерді дайындауда ата-аналарға психологиялық көмек" атты ата-аналар жиналысыны өтті
Астана қаласында 2014 жылғы мамырдың 18-і күні бірқатар мектептерде мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына арналған «ҰБТ-ге психологиялық көмек» тақырыбында жиналыс-семинар өтті. Осы іс-шараның басты ұйымдастырушылары «Нұр Отан» партиясы мен ҚР ғылым және білім министрлігі,Отбасылық тәрбиелеу институты және қалалық білім басқармасы.
Мақсаты: ата-аналар арасында ағартушылық жұмыс жүргізу, яғни ҰБТ кезінде және кейінгі уақытта баланың эмоциналды жағдайын қадағалап, психологиялық қолдау көрсетуге ата-аналарға ұсыныстар беру.
Астана қаласы бойынша барлығы 15 мектепте қаланың барлық мектеп түлектерінің ата-аналары жиналып, оларға ҰБТ-ге психологиялық қолдау көрсетуде отбасының маңыздылығын түсіндіруге қала мектептерінің тәжірибелі педагог-психолог мамандары тартылды. Жиналыс-семинарда қалалық Нұр Отан партиясының өкілі сөз сөйлеп, осы іс-шараның маңыздылығына тоқталса, қалалық білім басқармасының өкілі білім және ғылым Вице-министрі Болыкбаев Тахир Оспанұлының жолдау хатын оқыды, Астана қаласының отбасы тәрбиелеу институтының қызметкері бала өміріндегі ата-ананың махаббаты мен қолдауының маңыздылығына тоқталды. Семинар барысында ата-аналар назарына «Әке», «Ана» бейнебаяндары ұсынылды, бейнебаян әке мен ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы тереңірек үңілуге ой салды, «Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге көзқарасы» атты сауалнама алынды. Бұл сауалнама нәтижесі бойынша ата-аналар ұсынысы келесі оқу жылындағы ҰБТ-ді ұйымдастыру ережелеріне өзгерту енгізуде ескерілетін болады. Сондай-ақ семинар соңында отбасылық тәрбиелеу институтының дайындаған ұсыныстары таратылды.
Аталған іс-шараны ұйымдастыруда қалалық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары атсалысты, атап айтсақ: № 71 МЛ «Тұмар» ПЦ директордың орынбасары Минакова Анна Борисовна., № 10 МГ психолог – консультант Круглова Жанна Владимировна; № 65 МЛ психолог – консультант Ахметжанова Сауле Камальхановна; № 32 МГ психолог – консультант Абрамова Ольга Александровна; № 53 МГ психолог – консультант Фролова Юля Викторовна; № 1МЛ психолог – консультант Вишневская Людмила Антоновна; № 36 ОМ психолог – консультант Бигалина Алмагуль Викторовна; № 72 ОМ - психолог – консультант Ебышева Карлага Еделевна; № 59 МЛ психолог – консультант ШЛ № 59 Ачилова Юлдуз Тахировна; № 54 МЛ психолог – консультант Стамкулова Куралай Шаймерденовна; № 56 МЛ психолог – консультант Жаппашева Айгуль Рахимжановна; № 48 МЛ психолог – консультант Менлибекова Акмарал Абдуманаповна; № 61 ОМ – психолог – консультант Абилова Торгай Бейсеновна; № 40 МЛ психолог – консультант № 54МЛ Аскарова Самал Валихановна; № 51 МГ психолог – консультант Омарова Шолпан Сембаевна.
Осы жиналыста алған мәліметтер ата-аналарға ҰБТ кезінде балаларына психологиялық қолдау үшін септігін тигізетініне үміт артамыз. Барлық мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналарына сәттілік тілейміз!