Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

«ҮЗДІК МҰҒАЛІМ» қалалық байқауы өтеді

Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы № 54 мектеп-лицейінде «Үздік мұғалім» қалалық байқауын2014 жылғы мамыр айының 16 күні сағат 15.00-де өткізеді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: - кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл педагогтарды анықтау; - Қазақстан мектебі дамуының жаңа идеялары мен концепцияларын және бағдарламаларын қарастыру, іздестіру; - білім беру мен тәрбиелеуде жаңа тиімді педагогикалық технологияларды анықтау; - алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс -тәжірибесін насихаттау және тарату; - мұғалімнің қоғамдық оң имиджін қалыптастыру.
Байқаудың іріктеу кезеңіне Астана қаласының 23 мектебінен 23 мұғалім қатысты.
Қалалық кезеңге 12 мұғалім өтті:Соңғобай Типан№9 «Зерде» ДБМ,Наби Еркегүл - №38 МЛ, Қаршыға С. С. - №4 МГ, Атаканова С.К. - №60 МЛ, Боранбаева Э. С. - №54 МЛ, Салхаева Д.У.- № 59 МЛ, Түсіпжан Қайрат – № 56 МЛ, Машады А.Р.– «Экономиқалық  лицей», Мұрат Қ. Р.– № 40 ОМ, Каримбаева Б.Е – № 28 ОМ,Бауыржан Әбдікәрімұлы- №51 МГ, СадыковаМ.А.- №70 МЛ.
Байқау 3 айналым бойынша өткізіледі:   
І. «Өзін-өзі таныстыру». Қатысушы өзін-өзі таныстырып, педагогикалық  ұстанымын көрсететін эмблемасын, девизін ұсынады (уақыты - 3 минут). ІІ. «Барлық пәндер жақсы». Қатысушы мамандығы бойынша оқу пәнінің ең тиімді, қызықты жақтарын көрсетеді, шығып сөйлейтін сөзін алдын-ала дайындап алады (уақыты - 3 минут).
ІІІ. «Педагогикалық идеяны қорғау». Әрбір қатысушы жазбаша шығармашылық тапсырманы схема-кесте түрінде, тірек конспект, слайдтар және т.б. түрінде дайындайды (уақыты - 7 минут).
 
Толық ақпаратты мына мекен-жайдан білуге болады: «Астана дарыны» ӨҒПО, Мәскеу көшесі, 41, №62 МЛ (3-қабат), тел.: 39-84-68, 39-84-49 факс: 39-80-39, e-mail: astanadaryn@mail.ru.


Просмотров: 729

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь