Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

«Берекелі Наурыз» атты мерекелік іс-шара

Халқымыздың маусымдық мерекелерінің бірі жыл басы - Наурыз болып саналады. Наурыз күн мен түннің теңелген уақыты.
Табиғаттың оянуымен бірге келіп отырған көктемнің басты мейрамы Наурыз мерекесіне орай 2014 жылдың 13 мен 17 наурыз аралығында Оқушылар сарайында «Берекелі Наурыз» атты елорда балаларына қызықты, көңілді театрландырылған бағдарлама өткізілді.
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын!
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін!, деп басталған мейрамымызда Қыдыр ата мен Жер ана, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, батасын берді.
Театр бөлімінің тәрбиеленушілері бастаған қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеп ұлттық ойындарынан театрландырылған тамаша көрініс көрсетті, ән шашу ұйымдастырылды. Мейрамға қатысушылардың аса қызығушылығын тудырған көрермен арасында қол күресу, арқан тартыс ойындары ұйымдастырылды.
Оқушылар сарайының елордамызға танымал «Тұмар» халық би ансамблі мен «Престиж» спорттық-бал би ансамблі, «Гранд» балет студиясы, «Еркеназ» би ансамблдерінің мың бұралған бишілері «Көктем сезімі», «Қара жорға», «Сұлтан» би өнерлерін көрсетті.
Мерекелік бағдарлама барысында халқымыздың вокал бөлімінің педагогтары Нартай Алтай «Ой көк» әнін, Өмірбеков Нұрбек «Наурыз», Бұқышева Асемнің орындауында «Көктем вальсі» әндері шырқалды.
«Боз жорға», ел аузындағы қазіргі: «Наурыз» және т.б. әндерін орындады, домбырашылар «Тойбастар» күйін орындаса жетігеншілер «Кербез қыз» күйін шертіп жиналған көрермендерді таң-тамаша етті. Мереке соңы «Жаса Қазақстан» әнімен аяқталды.
Бағдарлама балаларға ерекше әсерлі болды. Наурыз мерекесіне келген балалар көтеріңкі көңіл-күйде тарасты. Талантты балалардың шығармашылық өнері үлкен ықыласпен қабыл болды.



Просмотров: 385

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь