Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінде «Наурыз тойын тойлайық» атты өткізілген мерекелік іс-шара
17- наурыз күні колледж бөлімшелері арасында наурыз мерекесіне арналған той- думан өткізілді. Колледждегі төрт бөлімше төрт ауыл атанып, өздерінің киіз үйлерін безендірді. Барлық студенттер мерекелік той-думанға бар ынта-жігерімен қатысып, ұлттық киім киіп, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар аталған той думанда төрт бөлімше студенттері қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттап, көрсетті. Астана қаласы Тілдер дамыту басқармасынан арнайы комиссия мүшелері келіп колледжде өткізілген мерекелік іс-шараны тамашалады. Бөлімшелер арасында салт-дәстүрге байланысты өзара сайыс өткізілді.
Просмотров: 364