Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

Астана қаласы Білім басқармасының Наурыз мерекесіне арналған «Наурызнама» іс-шарасы

Барша шығыс халықтарының жыл басы – Наурыз мерекесін Білім басқармасының мамандары, білім беру ошақтарының басшылары, колледждердің директорлары үлкен жауапкершілікпен, ерекше ықыласпен атап өтті. Жер-Ананың бусанып, күн шуағына бөленетін, мерейлене, құлпыра түсетін шағында, адамдардың бір-біріне туған бауырындай кешірімді де кең болатын, өнерлінің өрісі кең екендігін көрсете білді.
М.Утемісұлы атындағы оқушылар сарайында 19 наурызда Астана қаласының Білім басқармасы Наурыз мерекесін атап өтті.
Мерекелі бағдарламада дуалы ауыз Ата, көпті көрген, көкірегі ашық Әже немерелеріне нақыл айта отырып Наурыз мерексінің ерекшелігін, қайталанбас өрнегін, оның маңызы мен орнын салт-дәстүрмен байланыстырып, әңгімеге тарта отырып қатысқан көпшілікке жалпы Наурызнаманың құрылымын шебер көрсете білді. Іс-шараның әр кезеңі, бұрылысы кенеттен, күтпеген жерден ән-күймен, бимен, көрініспен қатар өріліп отырды. Әсіресе, немеренің «Қойдың кәрі жілігі» туралы сұрағына алған жауабын, барша халықтың есінде қалатыны сөзсіз. Сонымен қатар «көрімдік» пен «Байғазының» айырмашылығы, наурызша және түсініктеріне назар аударылды, ұлттық киім үлгілері, қолөненр көрсмелері, 7 ауыл арасындағы өнер тартысы тамшаланды.
Аталған іс-шараға Тілдерді дамыту Басқармасының ұйымдастырып отырған қалалық байқауының шеңберінде аталды, құрметті қонақтар шақырылды.


Просмотров: 513

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь