Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

«Ең дәмді- Наурыз көже» атты отбасылық сайыс

Астана қаласының №42 орта мектебінде технология пәні мұғалімі жас маман Сегизбаева Раушан Берікқызының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 17 наурыз айында Ұлыстың ұлы күні Әз Наурызға арналған «Ең дәмді –Наурыз көже» атты отбасылық сайыс өткізілді. Сайысқа 2 – 6 сынып оқушылары мен аналары қатысты.
Жүргізуші алдымен сайыстың қатысушыларымен таныстырып өтті.
Сайысқа 4 отбасы қатысты. Сайыс 5 кезең бойынша өткізілді:
1 - сайыс: «Сәлем сөздің -анасы»- өзін - өзі таныстыру.
2 - сайыс: «Ата мұраң - асыл қазынаң» - тапсырмалар мен сұрақ - жауап.
3 - сайыс: «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер», қол өнер
4 - сайыс: «Ең дәмді-Наурыз көже»
5 - сайыс: «Ең үздік-наурыз тілек» тақырыбындағы құттықтаулар

Бұл сайыс өте тартысты өтті. Әділқазы алқасы 1-ші орынға Жалғасбек Эльмира мен Қайратқызы Аружанға, ал екінші орынға Жапабаева Айгүл мен Абдрахманова Дариға, үшінші орынға Құрманғалиева Бақыт және Қожабаева лайық деп шешті. Ал, Досжанова Арайлым, Ерболқызы Дильназ және Мирас «Балдай қыз» номинациясына ие болды.
«Ең дәмді –Наурыз көже» атты отбасылық сайыс кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге болары хақ. Ата бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан игі дәстүрлерін кейінгі ұрпаққа дәріптеп, ұмыт болған салт-дәстүрімізді жаңғырту ұстаз мақсаты.



Просмотров: 382

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь