«Ел үшін туған ерден айналайын»
Әз, Наурыз қарсаңында 14 наурыз күні қала мектептерінің ер мұғалімдері «Ел үшін туған ерден айналайын» атты жігіттер сайысына қатысып мереке көркін қыздыра түсті. Ұйымдастырушылар Астана қаласы әкімдігі, Білім басқармасы және № 2 өнер мектебі. Сайыста қала мектептерінің 20-35 жас аралығындағы 34 жігіт бағын сынады. Іріктеу кезеңінен өтіп өзгелерден дара озған 15 жігіт негізгі байқауға жолдама алды. Сайыс қазақ тілінде, бірнеше кезеңдерден өтті. Айтар болсақ: «Мен, мен, мен едім......» атты өзін таныстыру кезеңі. «Шеберлінің қолы алтын» атты қамшы өру сайысы (қамшы сол мезетте өріледі және соңынан қолданған материалы мен өрім түрі туралы айтып беру керек). «Білімді мыңды жығар» атты сұрақ жауап кезеңі. «Ақ білектің күшімен» атты гір (гирь) көтеру сайысы. «Білезік ату» - нысана көздеу. «Жігітке жеті өнер де аз» атты өнер сайысы. Оқушыларға білім мен тәрбие беріп жүрген мектеп мұғалімдерінің ұлттық салт-дәстүрімізді жетік біліп, салауаты мен парасаты жарасқан, алғыр да епті жігіттердің өнеріне халық бір марқайып қалды. Дегенмен, халық пен қазыларды өнерімен тамсандырған, Бас жүлдені қанжығасына байлаған № 2 Өнер мектебінің мұғалімі Мақсат Амантайұлы Хамзин болды. І орын - Сатмухамбетов Тлеукен Саметович 15 мектеп лицей. ІІ орын - Кожебаев Дархан Ержанович № 1 Өнер мектебі.
ІІ орын- Сағи Ғанибек 51 мектеп гимназия. ІІІ орын- Сүлейменов Бағдат Мұратұлы 70 мектеп лицей. ІІІ орын - Жумабаев Рустем Амангельдинович – Арнайы түзету мектеп интернаты. ІІІ орын - Шуршутбаев Фархат Абдыкадирович – 63 орта мектеп.
Байқауға қатысқан барлық қатысушылар дипломмен марапатталды. Осындай игі шаралар өз жалғасын тапса деген оймен сайыс өз мәресіне жетті.