«Поэзия,бейбітшілік,тіл» атты Әдеби кеш ұйымдастырылады.
2014 жылдың 18 наурызында Астана қаласында Ресей ғылыми және мәдени орталығында Дүниежүзілік поэзия күніне арналған «Поэзия,бейбітшілік,тіл» атты Әдеби кеш ұйымдастырылады.
Дәстүр бойынша әдеби кеште қаланың гимназия, лицей және мектеп оқушылары өздерінің өлеңдерін оқиды.
40-қа жуық жас ақын көпшілік назарына өз туындыларын ұсынады. Оқушылар шығармасының тақырыбы отан,анаға деген махаббат және өмір жайлы толғаныстарды қамтиды. Балалар шығармасынан олардың айналасындағы болып жатқан тарихи оқиғалар,адамгершілік , сатқындық пен достық сезім және туған ел табиғатына деген шынайы көзқарасын көруге болады. Бір ғажабы: аяқтарын тәй басқан жас ақындар үлкендерше жүрек тебірентер толғаныспен жырлайды. Кеште оқылған өлеңдерден құрастырылған «Алғашқы қолтаңба» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері болады.
Сонымен қатар, осы кеште орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша өткен «Ұлы орыс тілі,біз сені сақтаймыз» атты олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады.
Әдеби кешті өткізуге жауапты «Экономикалық лицей» мекемесінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хамзина Б.С.
Просмотров: 403