Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

Жас мамандарға арналған қалалық семинар

Астана қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің жоспары бойынша № 15 мектеп лицейінде 2014 жылдың ақпан айында технология пәнінен жас мамандарға арналған қалалық семинар өткізілді. Іс-шара барысында технология пәні Жас мамандар мектебінің жетекшісі Оспанова Айгуль Нурланқызы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың мақсаты: іс-тәжірибемен бөлісу және дидактикалық материалдарды қолдана отырып, технология пәнін қызықты етіп өткізу жолдарымен танысу.
Семинарға Астана қаласы бойынша №2, №10, №21, №42, № 56, №50, №69 мектептерінің технология пәні жас мамандары қатысты. Қалалық семинардың ашылу салтанатында технология, бейнелеу өнері және сызу пәндерінің әдіскері Ахметжанова Гүлнәр Габдушқызы сөз алып, жас мамандарға семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинар барысында қатысушылар технология пәні кабинеттерінің жұмысымен таныстырылды. Семинарда Астана қаласы №15 мектеп лицей оқушылары жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Оспанова А. Жас мамандарды іс-құжаттар, бағдарламамен жұмыс жүргізу тәсілімен таныстырды. Қатысушы мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстар берілді.



Просмотров: 488

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь