Тағы да жеңіспен оралды...
Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің жүлде қоржыны тағы да медалдармен толыға түсті.
Наурыз айының 10-12 аралығында Алматы қаласында өткен ХХҮІІІ «Азия-Тынық мұхит» математикалық олимпиадасына 38 мемлекет: Аргентина, Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Сальвадор, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Панама, Перу, Филиппин, Пуэрто-Рико, Катар, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайван, Тәжікстан, Таиланд, Тринидад және Тобаго, Түрікменстан, АҚШ, Гондурас, Оңтүстік Африка, Түркия, Уругвай елдерінен, ал ХІІІ «Жібек Жолы» олимпиадасына Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан мемлекеттер: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай және тағы да басқа елдерінен оқушылар қатысты.
Осы олимпиадаларға біздің лицейден 6 оқушы қатысып, 2 күміс, 3 қола медалдар алып келді. Нағыз білім күшін сынасар сайыста Астананың намысын қорғап, жеңіске жеткен оқушылар мен олардың мұғалімі Муамер Гүлге алғысымыз шексіз. Әсіресе, 2 олимпиададан да күміс пен қола медаль жеңіп алған Алтынханов Қуандық пен Әлімжан Еркенді ерекше атап өтуге болады. 11-сынып оқушысы Алтынханов Қуандықтың Халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін алтын, күміс медалдар иегері екенін айта кеткен жөн. Мұндай «алтын» оқушыларымыздан қалай айналмассыз!
Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі
орынбасары Гүлназ Мінтайқызы
орынбасары Гүлназ Мінтайқызы
Просмотров: 447