Астана қаласы білім ұйымдарының арасында өткізілген Ұлттық Дельфийлік ойындары бағдарламасы бойынша VIII «Шаттық» қалалық байқауының Гала-концерті жөнінде АҚПАРАТ
26.02.2014
Просмотров: 688
Астана қаласы білім ұйымдарының арасында өткізілген Ұлттық Дельфийлік ойындары бағдарламасы бойынша VIII «Шаттық» қалалық байқауының Гала-концерті жөнінде АҚПАРАТ Өткізілетін уақыты: 27 ақпан 2014 жыл, сағ. 17.00 Өткізілетін орыны: Конгресс-Холл Қатысушылар: Астана қаласының мектеп, лицей, гимназия, техникалық және кәсіптік ұйымдарының оқушылары Ұлттық Дельфий ойындары бағдарламасы бойынша жыл сайын дәстүрлі өткізілетін «Шаттық-2014» байқауы мыңдаған жас дарындыларды әртүрлі өнер қырынан дамытып, талантын
№1 Балалар музыка мектебінде Астана қаласы музыка және өнер-мектептерінің скрипка бөлімі оқушыларының арасындағы қалалық байқауы өтеді
26.02.2014
Просмотров: 554
№1 Балалар музыка мектебінде Астана қаласы музыка және өнер-мектептерінің скрипка бөлімі оқушыларының арасындағы қалалық байқауы өтеді 1. Байқаудың мақсаты: Отаншылдық сезімге тәрбиелеу; оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру; әлемдік скрипка мәдениеті мен өнеріне баулу; 48 Республикалық байқауға іріктеу. 2. Өткізілу мерзімі,орны: 02 наурыз 2014 жыл, 9.00
жол қауіпсіздік ережесін білу бойынша брейн-ринг өткізілді.
26.02.2014
Просмотров: 432
2014 жылдың 17 ақпан айында №69 «Еркем-ай» балабақшасында Астана қаласының Ішкі Істер басқармасымен бірлескен жоспарға сәйкес, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орыс топтарының тәрбиеленушілерінің арасында жол қауіпсіздік ережесін білу бойынша брейн-ринг өткізілді. Брейн-рингтің мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтай отырып, жол ережесінің белгілерін үйрету. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Астаналық бастауыш сынып оқушылары БӘРІН БІЛГІСІ КЕЛЕДІ!
14.02.2014
Просмотров: 405
2014 жылдың 8 ақпан күні Білім басқармасының ұйымдастыруымен қала мектептерінің 3 сынып оқушыларына арналған «Бәрін білгім келеді!» дүниетану пәні бойынша кезекті ІІ қалалық байқауы өтті. Іс-шара Ғ. Қаирбеков атындағы № 2 мектеп-гимназия аясында өткізілді. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – іріктеу, дүниетану пәні бағдарламасы бойынша оқушылар тестілеуден өтті. Екінші кезең – финалдық, іріктеу кезеңнен жоғарғы балл алған алты команда арасында өткізілді.
"Білім беру тәжірибесіндегі инновациялық оңтайлық - білім сапасын қамтамасыз ету факторы"
10.02.2014
Просмотров: 399
Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруы мен Гуманитарлық колледжде мектепке дейінгі мекемелер арасында "Білім беру тәжірибесіндегі инновациялық оңтайлық - білім сапасын қамтамасыз ету факторы" атты VІІ қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға №51 "Алтын сандық" балабақшасынан 3 тәрбиеші қатысты. Қатысқан 3 тәрбиешіміздің үшеуі де жүлделі орындарға ие болды. Ол біз үшін қуанышты жағдай. Тәрбиешілердің бала тәрбиесіне қосқан үлесі деп білемін.
«Тәрбиеші ол кім?» атты дөңгелек үстел
10.02.2014
Просмотров: 989
Мектепке дейінгі ұйымдарда баламен тікелей қарым-қатынасқа түсіп, қазіргі таңда тұрақты өзгеріп тұратын әлемге табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайтын, ата-аналармен бірлесе отырып баланың дұрыс өсіп-жетілуін, қалыптасуын белгілі нысанда жүргізетін ықпалды тұлға – тәрбиеші. Сондықтан балалар тобындағы психологиялық ахуал, балалардың өзара қарым-қатынасы, олардың балабақшаға келуге деген ынталығы, тағы да көптеген жағдайлар тәрбиеші жұмысына байланысты.
«Ертегілер еліне саяхат»
10.02.2014
Просмотров: 581
№ 19 «Балбөбек» балабақшасында жылдық жоспардың міндеттері мен мақсаттың орындалуына байланысты педагогикалық ұжыммен жұмыстар атқарылуда. Жас ұрпаққа адамгершілік-рухан тәрбие беру-жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі. Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Балабақшамызда педагогтар тәжірибе алмасып: ашық сабақтар,сахналық көріністер, қуыршақ театрларын, ата-аналармен бірлесіпіс-шаралар т.б. ұйымдастырады.
рухани – адамгершілік білім беру бағытында «Жүректер үндестігінің мүшелері»
05.02.2014
Просмотров: 409
2014 жылдың қаңтар айының 15-ші жұлдызында №55 «Қаракат» балабақшасында рухани – адамгершілік білім беру бағытында «Жүректер үндестігінің мүшелері», Астана қаласы бойынша Балалардың құқығын қорғау департаменті және қалалық Білім беру басқармасы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының бағдарламасы аясында қалалық іс-шараөткізілді. Іс – шараның мақсаты: өзін – өзі тану пәнінің мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру. Өзін – өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне мектепке дейінгі ұйымдардан 40 педагог қатысты.
Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебінде қалалық деңгейде ашық сабақтар
29.01.2014
Просмотров: 669
Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебінде аттестациядан өтеуге өтініш берген педагогтардың ашық сабақтар байқауы өтті. Өз шеберліктерін мектептің ең үздік оқытушылары көрсетті: Исенова Гүлзия Жағыпарқызы «Кішкентайлар үшін көркемсуреттік нақыш»; Смирнов Алексей Викторович – «Шығармашылық визиттік карточка»; Өтепова Әлия Шәкіржанқызы – «Модерн» стилі», Алтаева Ботагөз Алмабайқызы – «Жыл мезгілдері» декоративті панно»; ши тоқу техникасы; Қаныбекова Әлия Әбубәкірқызы - «Дәстүрлі тәсілмен қазіргі заманғы бұйым дайындау»; Лембаева Гүлнар Кеңесқызы «Гүлдер» панносы»
Математикадан On-Line сабақ туралы
29.01.2014
Просмотров: 390
Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде қаңтардың 24-і күні қалалық Білім басқармасының жетекшілігімен математикадан қалалық деңгейде On-Line сабақ өткізілді. Математика мұғалімі Муамер Гүл олимпиадалық есептерді шығарудың әдістемелері бойынша тәжірибе бөлісті. Муамер Гүл- өте дарынды ұстаз. Ол кісінің еншісінде қалалық, республикалық, халықаралық білім олимпиадалары мен ғылыми жарыстардың 600-ге жуық жүлделі орындары бар. Қаңтар айында өткен қалалық олимпиададан математикадан 17 жүлделі орын алып отыр.