"Білім беру тәжірибесіндегі инновациялық оңтайлық - білім сапасын қамтамасыз ету факторы"
10.02.2014
Просмотров: 442
Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруы мен Гуманитарлық колледжде мектепке дейінгі мекемелер арасында "Білім беру тәжірибесіндегі инновациялық оңтайлық - білім сапасын қамтамасыз ету факторы" атты VІІ қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға №51 "Алтын сандық" балабақшасынан 3 тәрбиеші қатысты. Қатысқан 3 тәрбиешіміздің үшеуі де жүлделі орындарға ие болды. Ол біз үшін қуанышты жағдай. Тәрбиешілердің бала тәрбиесіне қосқан үлесі деп білемін.
«Тәрбиеші ол кім?» атты дөңгелек үстел
10.02.2014
Просмотров: 1040
Мектепке дейінгі ұйымдарда баламен тікелей қарым-қатынасқа түсіп, қазіргі таңда тұрақты өзгеріп тұратын әлемге табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайтын, ата-аналармен бірлесе отырып баланың дұрыс өсіп-жетілуін, қалыптасуын белгілі нысанда жүргізетін ықпалды тұлға – тәрбиеші. Сондықтан балалар тобындағы психологиялық ахуал, балалардың өзара қарым-қатынасы, олардың балабақшаға келуге деген ынталығы, тағы да көптеген жағдайлар тәрбиеші жұмысына байланысты.
«Ертегілер еліне саяхат»
10.02.2014
Просмотров: 620
№ 19 «Балбөбек» балабақшасында жылдық жоспардың міндеттері мен мақсаттың орындалуына байланысты педагогикалық ұжыммен жұмыстар атқарылуда. Жас ұрпаққа адамгершілік-рухан тәрбие беру-жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі. Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Балабақшамызда педагогтар тәжірибе алмасып: ашық сабақтар,сахналық көріністер, қуыршақ театрларын, ата-аналармен бірлесіпіс-шаралар т.б. ұйымдастырады.
рухани – адамгершілік білім беру бағытында «Жүректер үндестігінің мүшелері»
05.02.2014
Просмотров: 459
2014 жылдың қаңтар айының 15-ші жұлдызында №55 «Қаракат» балабақшасында рухани – адамгершілік білім беру бағытында «Жүректер үндестігінің мүшелері», Астана қаласы бойынша Балалардың құқығын қорғау департаменті және қалалық Білім беру басқармасы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының бағдарламасы аясында қалалық іс-шараөткізілді. Іс – шараның мақсаты: өзін – өзі тану пәнінің мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру. Өзін – өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне мектепке дейінгі ұйымдардан 40 педагог қатысты.
Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебінде қалалық деңгейде ашық сабақтар
29.01.2014
Просмотров: 723
Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебінде аттестациядан өтеуге өтініш берген педагогтардың ашық сабақтар байқауы өтті. Өз шеберліктерін мектептің ең үздік оқытушылары көрсетті: Исенова Гүлзия Жағыпарқызы «Кішкентайлар үшін көркемсуреттік нақыш»; Смирнов Алексей Викторович – «Шығармашылық визиттік карточка»; Өтепова Әлия Шәкіржанқызы – «Модерн» стилі», Алтаева Ботагөз Алмабайқызы – «Жыл мезгілдері» декоративті панно»; ши тоқу техникасы; Қаныбекова Әлия Әбубәкірқызы - «Дәстүрлі тәсілмен қазіргі заманғы бұйым дайындау»; Лембаева Гүлнар Кеңесқызы «Гүлдер» панносы»
Математикадан On-Line сабақ туралы
29.01.2014
Просмотров: 436
Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде қаңтардың 24-і күні қалалық Білім басқармасының жетекшілігімен математикадан қалалық деңгейде On-Line сабақ өткізілді. Математика мұғалімі Муамер Гүл олимпиадалық есептерді шығарудың әдістемелері бойынша тәжірибе бөлісті. Муамер Гүл- өте дарынды ұстаз. Ол кісінің еншісінде қалалық, республикалық, халықаралық білім олимпиадалары мен ғылыми жарыстардың 600-ге жуық жүлделі орындары бар. Қаңтар айында өткен қалалық олимпиададан математикадан 17 жүлделі орын алып отыр.