жол қауіпсіздік ережесін білу бойынша брейн-ринг өткізілді.
2014 жылдың 17 ақпан айында №69 «Еркем-ай» балабақшасында Астана қаласының Ішкі Істер басқармасымен бірлескен жоспарға сәйкес, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орыс топтарының тәрбиеленушілерінің арасында жол қауіпсіздік ережесін білу бойынша брейн-ринг өткізілді. Брейн-рингтің мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтай отырып, жол ережесінің белгілерін үйрету. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Брейн – рингке №1 «Бәйтерек», №8 «Думан»,№9 «Нұршашу», №16 «Шағала», №33 «Алтын дән», №34 «Ақ бидай», №23 «Алтын бесік», №24 «Айналайын», №33 шағын мектеп, №26 «Үміт» балабақшалары қатысты. Білім басқармасының жіберген жоспарына сүйене отырып, барлық топтар брейн-рингтің кезеңдерінен өтті.

Әр топ өздерінің топтарымен, ұрандарымен таныстырып, көрініс көрсете отырып, жолда жүру ережелерін білетінін сұрақтарға жауап бере отырып дәлелдеді. Жұмбақтардың шешуін тауып өз білімдерін көрсете білді. «Жол қауіпсіздік ережелерін білу» брейн-рингі Астана қаласының Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің әдіскері Г.Қ.Мейрманова, Білім басқармасының бас маманы А.А.Исенгуженова мен Ішкі Істер Департаментінің әкімшілік басқару полициясының ювеналды бөлімінің инспекторы Г.Е.Баканованың әділ бағалауымен өтті. Байқауға қатысқан балабақшаларды Білім басқармасы мен Ішкі Істер басқармасының «Жас инспектор», «Актерлік шеберлігі үшін» және т.б. номинацияларымен марапаттады.
Просмотров: 431