Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

Дәстүрлі жеңіс

Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі қаңтардың 8-9 күндері болды.Біздің дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінен қалалық олимпиадаға биыл 78 оқушы қатысып, 39 жүлделі орындарға ие болды.Атап айтқанда, І-орын -10, ІІ орын- 14, ІІІ-орын-15.Барлық жүлденің 17-сі математика мұғалімі Муаммер Гүл баптаған шәкірттерге тиесілі.Информатика, химия, биология пәндері құр алақан емес.
«Астана дарыны» ұйымдастырған «Жұлдызды олимп -2014» кешінде «Үздік олимпиадалық команда»грамотасымен марапатталып, І орынға шықты. Қажымай еңбек еткен ұстаздар мен дарынды оқушыларымыз 6 жыл қатарынан қанжығаларына байлап жүрген қалалық «Олимп» кубогын биыл тағы да жеңіп алды.Оқушыларымыз бен ұстаздарымызға алдағы білім додаларында сәттілік тілейміз!

Просмотров: 350

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь